жаңалықтар

Халықаралық “Пи”күні

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде 14 наурыз – π санының халықаралық күні аясында  «Математикалық викторина» өтті. Сандар еліне оқушылар саяхат жасай отырып, тартысты ойын көрсетті.

Викторинаны ұйымдастырушы Зауреш Сугурбаеваның айтуынша, ойын оқушылардың жылдамдығы мен логикалық ойлау қабілетін байқатты.

Мектеп оқушыларынан құрылған 7 команда математикалық дағдыларын сынады.

Еске салайық, π санының халықаралық күні  әлемнің көптеген елдерінде ғылыми қауымдастықтар жыл сайын атап өтетін ерекше күн.

Жас математиктерге сәттілік тілейміз!