Берік отбасы – мықты мемлекет
NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Берік отбасы» жобасы басталды.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен туады. Болашақтың жарқын болуы – отбасының мықтылығы мен татулығынан. Осы орайда, NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Берік отбасы» жобасы аясында бала-отбасы-мектеп үштігін құрайтын психологиялық тренинг өтті.
Іс-шараның кіріспесін мектеп директоры Сабыржан Садуақасов ашып, тренинг қатысушыларына сәттілік тіледі.
– Бала-ата-ана қатынасын нығайту жасөспірімдердегі қауіп факторларын төмендетеді,– дейді психолог Жанбота Абдрахманова.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрылған «Берік отбасы» бағдарламасы Орталық Азиядағы, сондай-ақ Иран, Пәкістан және Ауғанстандағы мектеп психологтарының оқу жоспарына енген.
Бағдарлама 7 бөлімнен тұрады. Сонымен қатар, бір сағат ішінде жасөспірімдермен («Жастар») және ата-аналармен («ата-аналар») сабақтар өтіп, кейіннен ата-аналар жасөспірімдермен («отбасы») тағы бір сағат сессияға қатысты.
Алғашқы офлайн тренингке бірінші болып 7-8-сыныптардың ата-аналары қатысты.