жаңалықтар

Желілік олимпиада басталды

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық желілік олимпиада басталды. Желілік олимпиаданың үшінші кезеңіне барлық NIS-тен 700-ден аса оқушы қатысуда.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі биология және физика пәндері бойынша олимпиадаға қатысатын 139 оқушыны қарсы алды.

Білімін сынауға келген зияткерлерге мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гульмира Абишева мен әділ-қазылар мүшесі Ислам Амангелді зияткерлерге сәттілік тіледі.

Олимпиадалық қозғалыстың оқушылар арасындағы танымалдылығы жыл сайын артып келеді. Оған дәлел  “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ филиалдары оқушылары үш жыл қатарынан республикалық «Үздік олимпиадалық команда» атанып жүр.

Қатысушыларға жеңіс тілейміз!