жаңалықтар
“Мұқағали оқулары” конкурсында жеңімпаз атанды

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушылары Республикалық “Мұқағали оқулары” конкурсында жеңіске жетті.
Наурыз айында “Mahataev.kz” – Мұқағали Мақатаев әлемі білім порталы ұйымдастыруымен Республикалық “Мұқағали оқулары” конкурсы өтті. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген оқушы бақтарын сынады.
Жүлделі І орынға ие болған Айша Рашит, Зайна Зейінғабыл, Аяулым Кентаева, Мирас Жансаринді жетістігімен құттықтаймыз.