жаңалықтар

МЕКТЕП ЛИДЕРІНІҢ ИНАУГУРАЦИЯСЫ

🌱Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өзін-өзі басқару ұйымы Лидерін ұлықтау рәсімі өтті.

✅741 дауыстың ішінен 283 дауыс жинап оза шапқан мектептің жаңа президенті болып 11 «А» сынып оқушысы Жалғас Тлеумуратин тағайындалды.

Салтанатты жиын мемлекеттік Әнұранмен басталып, мектеп директоры Сабыржан Өміртайұлының құттықтау сөзімен жалғасты.

2020-2021 өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері өткен оқу жылына қорытынды жасап, жаңа мектеп министрлерін таныстырды.

Жаңа президент мектеп қауымдастығы алдында ант беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жаңа құрамдағы өзін-өзі басқару ұйымының алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!