жаңалықтар

«Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында алғаш рет «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойыны өтті. 

Шара мақсаты: туған тілін құрметтеуге, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақтар арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту.

Іс-шараға 7-сынып оқушылары қатысты. Сайыс үш айналымнан тұрды. Әрбір кезеңде оқушылар өздерін жаңа қырларынан көрсете алды. 

«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынының қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:

1-орын:  7 «D» сынып оқушысы Балым Аблахат
2-орын: 7 «А» сынып оқушысы Әдемі Марат
3-орын: 7 «С» сынып оқушысы Нұрай Абдылдабек

Құттықтаймыз!