Аида Давлетова республикалық лингвистикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды
Қуанышты хабар
Нұр-Сұлтан қаласы NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 11-сынып оқушысы Аида Давлетова республикалық лингвистикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды.
Аида Давлетова республикалық лингвистикалық олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің намысын қорғады.
– Лингвистика – бұл менің әрқашан қызығушылығым болатын бағыт. Мен Олимпиада туралы 2020 жылы білдім және қызығушылық үшін ILO (International Linguistics Olympiad) сайтындағы тапсырмалар бойынша дайындала бастадым. Шет тілдерін оқып, грамматикадан логика іздедім. Ресми жаттықтырушыларым болмаса да, математика мен тілдерге үйретілген ойлау дағдылары маған өте көп көмегін тигізді. Жақсы негіз салған мектебімнің ұстаздар қауымына алғысым шексіз-, дейді Аида.
Аида Жас филологтардың зияткерлік турнирінде бірінші орын алды.
Жеңісті күндеріміз көп болсын!