жаңалықтар

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде ерекше көрме өтті

Дизайн пәні аясында дәстүрлі Educational toy/game (дамытушы ойыншық/ойын) көрмесі жаңа бағытта көпшілікке таныстырылды.

Юнит мақсаты оқушылар топта жұмыс жасау арқылы STEM бағытына негіздеген үйретуші ойын немесе ойыншық жасау.

Бір ерекшелігі оқушылар зерттеу кезеңінен бастап идеяны эскиз ретінде салып, кейін оның дизайн сызбасын графикалық программалар арқылы жүзеге асырып ойындарға айналдырған.

Өнімдердің ерекшелігі ойнау геймификация арқылы балалар физика, химия, биология, астрономия, география, инженерия (STEM) бағыттары бойынша білімдерін толықтырған.

Ойыншықтар шынайы өмірдегі ойын элементтерін пайдаланумен қатар қолданыста жоқ өнімдермен жасалған. Мысалы, лава шамы, Gravity falls негізіндегі ойын, STEM ойыны, өзіңді жина (анатомия) және т.с.с.

– Біздің дамытушы ойыншық лава шамы болды. Алғашқыда, барлығымыз химия бағытын ұнатып, ғаламтордан химиялық STEM ойыншықтар іздедік. Алайда, аса қызықты ойын табылмаған соң топ мүшесі Марғұлан лава шамын көріп, бізге осы ойыншықты жасайық деген ұсыныс тастады. Ойын қолжетімді, әрі пайдалы. Осылайша сабақ барысында алған теориялық білімді практикада жүзеге асырдық, – дейді Амина Бауыржан.

Көрме барысында оқушылар басқа жұмыстарды көрумен қатар ойындар да ойнап, білімдерін және көңілдерін көтерді.

Пән мұғалімдерінің айтуынша топта жұмыс жасаудың ұтымды тұсы көп. Ойын идеясын құрастырып және STEM-ге бағыттау қиын болғандықтан оқушылар коммуникацияны, жұмыстарды рөлдерге бөліп орындауды, уақытқа сай жұмыс жасауды және де жауапкершілік дағдысын да дамыта түсті.