жаңалықтар

“Қош келдің, Әз Наурыз”

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде “Қош келдің, Әз Наурыз” фестивалінің ашылуы өтті.

Түркі тілдес халықтарының басты мерекесі жыл басы – Наурыздың аталып өтілуіне аздаған уақыт қалды.

Осыған орай мектебімізде “Қош келдің, Әз Наурыз” фестивалі бастау алды.

Фестивальді ашқан Тілдерді меңгерту және Куратордар кафедрасы, сонымен қатар 7-сынып оқушылары.

Ұйымдастырушылар мектеп қауымдастығын ән-бимен қарсы алып, көтеріңкі көңіл сыйлады.

Бүгін үлкен үзілістерде мектептің 1-қабатындағы фойеде “Тоғызқұмалақ” ойыны, арқан тартыс, “Жаңылпаштан жаңылма!” атты ойындар ұйымдастырылатын болады.