жаңалықтар

🌱Тілдер апталығы аясында мектебіміздің оқушылары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына онлайн экскурсия жасады.

 Тілдер апталығы аясында мектебіміздің оқушылары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына онлайн экскурсия жасады.

 «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014 жылғы 13 наурызда Тұңғыш Президенттің Жеке кітапханасы мен Жеке мұрағатының қызметін жүзеге асыру, Қазақстанның қалыптасу және даму тарихын зерделеу, Казақстанның Тұңғыш Президентінің идеялары мен бастамаларын елімізде және шет мемлекеттерде ілгерілету мақсатында құрылды. Экскурсияның басты мақсаты оқушылардың бойындағы патриоттық рухты көтеріп, ел егемендігінің мәнін ұқтыруды көздейді