жаңалықтар

Бейнелеу өнері мұғалімдерінің Бірінші республикалық практикалық конференциясы NIS-те өтті

 NIS – те «Қазіргі мектептегі бейнелеу өнері» атты бірінші Республикалық практикалық конференция өтті

Бұл конференцияға Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері, жоғары оқу орындары мен көркемөнер мектептері оқытушылары, бейнелеу өнері және саз терапиясы орталықтары мен мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Спикерлер қатарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қоғамдық-гуманитарлық және кешенді – эстетикалық бағыттағы пәндер бөлімінің, Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының мұғалімдері және қызметкерлері болды.

Оннан астам спикер екі күн бойы сабақ беру тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, мектеп бағдарламаларында міндетті және дербес «Бейнелеу өнері» пәні ретінде қазіргі заманғы көркем білім беруге қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Конференция соңында NIS Халықаралық Бакалавриат мектебі бейнелеу өнері мұғалімінің әдістемелік нұсқаулығын ұсыну, кәсіби қызметті дамыту және тәжірибені тарату мақсатында Қазақстан бейнелеу өнері мұғалімдерінің қауымдастығын құру туралы қарар қабылданды.

Конференцияны Нұр-Сұлтан қаласының NIS өнер және Дизайн кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.

Бейнелеу өнерінің мұғалімі Айгүл Төлегенованың айтуынша, жыл сайын конференцияны дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.

Сондай – ақ, осы қоғамдастықтың суретші-мұғалімдерінің алғашқы көрмесі ұйымдастыру алға қойылды.