жаңалықтар

Педагогикалық кеңес: Оқу жылына даярлық пысықталды

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде жаңа оқу жылындағы алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Жиынды алғысөзімен ашқан мектеп директоры Сабыржан Садуақасов мектеп қауымдастығына жаңа ұстаздарды таныстырып, күн тәртібіне тоқталды. Мереке қарсаңында ұстаздар мен қызметкерлерге алғыс хат табысталды.

Оқу процесін ұйымдастыру, өткен жыл көрсеткіштері, мектепті IB және CIS бағалауына дайындық барысы қаралды.

Сонымен, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім үдерісін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқау хат таныстырылып, бірауыздан іс-әрекет жоспары оң шешімін тапты.