жаңалықтар

Кітап және қаламгер

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде   “Даналық бейсенбісі” жобасы аясында «Шабыт» халықаралық фестивалінде Камал Смайылов атындағы арнаулы сыйлық иегері Шамұратова Жадыра Ғазизқызымен тағылымды кездесу өтті.

Қаламгермен жүздесуге 11 және 8- сынып оқушылары қатысты. Шығармашылық төңірегінде әңгіме өрбіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Жоба ұйымдастырушы  Айгүл Батырханованың айтуынша осындай кездесулер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және рухани байлықты бойларыңа сіңіруге үлкен әсер етеді. 

 Оқушыларға «Кітап сыйлыққа» дәстүрі   бұл кездесуде де өз жалғасын тапты.