жаңалықтар

Жасанды интеллект және NIS пен Наурыз дәстүрлері

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Жасанды интеллект және мехатроника»  Наурыз кездесулері аяқталды.

Биылғы жылы көктемгі дәстүрлі ғылыми жобалар байқауы қазіргі заманның ең өзекті басымдықтарының бірі – «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбына арналды.

Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі вебинарларға жасанды интеллект, цифрлы технологиялар, робототехника, инженерия, сәулет және экология саласындағы танымал отандық және шетелдік спикерлер қосылды. Олардың қатарында Швейцариядан еуропалық футурист Герд Леонхард, Австралиядан сутек негізінде қозғалатын көліктер бойынша сарапшы Брендан Норман, ресейлік «R:ED» компаниясының білім беру жобаларын дамыту бөлімінің басшысы Алиса Большакова, Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері Жанат Махатаева және басқа да беделді ғалымдар бар. Зияткерлік мектептердегі барлық практикалық сабақтар топографиядағы Пифагор теоремасы, жер сілкінісін түсіну үшін математикалық модельдеуді қолдану, ғарыштық материалдарды құру және химия, биология, физика, математика және информатика саласындағы басқа да жобаларға арналады.

Экологиялық жобалардың үлкен сериясы дайындалды, оның ішінде істен шыққан техникалар бойынша «Екінші өмір» жобасы, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды ақылды жинауға, атмосфераны және жалпы табиғатты сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған роботтар мен роботтық жүйелер бар.

ІТ аймағында Түркістан облысындағы жалпы білім беретін мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне дизайн және 3D модельдеу бойынша арнайы курс дайындалды. NIS-тің Наурыз кездесулеріне оңтүстік өңірінен барлығы 150-ге жуық мұғалім, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ 300-ге жуық оқушы келді.

Наурыз кездесулерінің негізгі оқиғалары ретінде бағдарламанған оқу-жаттығу дрондарының ұшуы, «Ең сейсмикалық төзімді құрылым» командалық ойыны, сондай-ақ жас өнертапқыштар құрастырған автокөліктер шыққан  «NIS Intell Race» автожарыстарын атауға болады.

Түрлі-түсті асықтармен безендірілген мерекелік аумақта жасанды интеллект «Алтын сақа» ойнады.

Наурыз кездесулері – Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін айтулы оқиға, биыл олар дәстүрлі форматқа орала бастады. Жыл сайын наурыз айында NIS-те жас ғалымдар мен өнертапқыштар жасанды интеллект, цифрлы технологиялар және әлемдік ғылымның соңғы тенденциялары халықтық дәстүрлер мен ұлттық мәдениетпен қолдау табатын бірегей жобаларды ұсынады.