жаңалықтар

Замандастар жырлайды

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Замандастар жырлары»  жобасы аясында мәнерлеп оқу сайысы өтті. 

 Шараға 9-сынып оқушылары қатысып, Тәуелсіздік жылдарындағы ақындардың туындысын нақышына келтіре оқыды.

Қатысушылар өлеңді мәнерлеп оқып қана қоймай, автор туралы  ақпаратпен де бөлісті. 

 

Сайыс қорытындысы бойынша: 

1-орын Дана Тлеубаева 9Ғ 
2-орын Сұлтанғазы Болат 9Е 
3-орын Диас Тлешов 9А 

 

 

«Аталмыш жоба тәуелсіздіктен бергі, әр өлкенің белді ақын-жазушылары мен өнерлі тұлғаларын танып-білуге және жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі», — дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Құралай Оралбекова .