жаңалықтар

«Туған жердей жер болмас…» интелектуалды ойыны өтті

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде сәуір айындағы  Қазақ тілі декадасы аясында пәнаралық байланысты нығайту мақсатында География пәні мұғалімдері зияткерлік ойын өткізді.

 «Туған жердей жер болмас…» интелектуалды ойынына 9 «В» мен 10 «В» сыныптары қатысып, бақ сынасты.

Ойын «Табиғи нысанды анықта», «Реттілігін тап», «Тұлғаны таны» , «Әнге қосылған жыр» бөлімдерінен тұрды.  

«Тұлғаны таны» және «Әнге қосылған жыр» бөлімдері жер-су атауларына әнге қосылған шығармалар мен авторлары жасырылды. Осы арқылы география мен қазақ әдебиеті пәні арасында байланыс орнатылды. Тартысты ойын нәтижесінде 9 «В» сыныбы үздік атанса, ал 10 «В» сыныбы белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша берілетін теорияларды түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімін жүйелейді.

Ойынды ұйымдастырушылар – Меруерт Омралина және Медет Аяған.