Жақсылық – ізгілік бастауы
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында басталған “30 қайырымды іс” акциясы аясында NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 11G және 11H сынып оқушылары мен ата-аналары астаналық жағдайы төмен үш отбасыға көмек қолын созды.
Ата-аналар комитетінің қолдауымен өткен қайырымдылық акциясына оқушылар үлкен жауапкершілікпен дайындалған. Үш отбасының сұрауымен қажетті. тұрмыстық заттар табысталды. Мысалы, бірінші отбасыға азық-түлік себеті, екінші отбасыға қыстық отын-көмір және үшінші отбасының сұранысы бойынша кішкентай қыздарына есту аппараты мен мектепке керекті бұйымдар тапсырылды.
Айта кету керек, оқушылар қайырымдылық акцияларын аса ыждаһатпен күтуде. Айтуларынша, бұл – оларға үлкен тәжірибе.
Өз кезегінде, аталмыш отбасылар мектеп қауымдастығына алғыстарын жаудыруда.
Жақсылықтың жаршысына айналған мектебіміздің ата-аналарына алғысымыз шексіз!