жаңалықтар

Жақсылық жасай білейік

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында басталған “30 игі іс” жобасына 7-сынып оқушылары да өз үлестерін қосты.

 Демалыс күндері Нұр-сұлтан қаласының NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 7 Е сыныбының оқушылары мен ата-аналары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына аясында жекелеген тұрмысы төмен отбасыларға, сондай-ақ “Аналар үйі” қорына және “Нұр Әлем”қорына 30 азық-түлік себетін таратты.

Жобаның барлық қатысушыларына, әсіресе 7 Е сынып оқушыларына алғысымызды білдіреміз.