жаңалықтар

Жас математик үздік атанды

Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Аркенов Тамерлан Haileybury Mathematics Olympiad 2021-2022 сайысында жүлделі ІІ орынды иеленді!   Аталмыш олимпиада  Haileybury Astana мектебінің базасында 2021 жылғы 20-21 қараша аралығында өтті. Шараға Қазақстанның әр аймағынан 50-ге жуық оқушы қатысқан.  

Жас математикті жеңісімен құттықтаймыз!