жаңалықтар

NIS базасындағы жазғы мектеп

Назарбаев Зияткерлік мектептері ел мектептерінің оқушыларын 2022 жылғы 6-14 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтетін күндізгі дәстүрлі форматтағы элективті курстарға шақырады.

 

NIS халықаралық бакалавриат мектебі қазіргі заманның өзекті тақырыптарына арналған жазғы мектептің қызықты бағдарламаларын әзірлеп, жоғары сұранысқа ие пәндер бойынша: ағылшын тілі және робототехникадан оқытуды ұсынады.

 

Курста Сіз жаңа достар табасыз, математика және физика пәндері бойынша біліміңіз бен дағдыларыңызды тереңдетесіз, ағылшын тілінде коммуникативтік дағдыларыңызды жетілдіресіз (ауызша және жазбаша тіл).

Жазды пайдалы өткізіп, біздің курстарымызға тіркеліп, мектебіміздің мұғалімдерімен инновациялық бағдарламалар бойынша бірегей тәжірибе алыңыз.

Курстың құны: 20 000 теңге (әр курс).