ЕРТЕҢІМЕ СЕНЕМІН
Нұр-Сұлтан қаласы NIS халықаралық бакалавриат мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі тойланды.
Кеш шымылдығын мектебіміздің мың бұралған бишілер тобы ашты.
Рухани кешті 1 минуттық үнсіздік жалғады.
Концертте музыкалық жетекші Нұрлыбек Қамбаров және химия пәнінің лаборанты Әділбек Екпін оқушылармен Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Мәлгаждар Әубәкіровтың «Наркескен» күйлері асқан шеберлікпен орындалды.
Қосымша білім беру педагогы Данияр Отаршиновтың «Байтақ дала» авторлық әнің 11 сынып оқушылары Дания Ишанкулова мен Ақкербез Тілеубекова шырқады.
Бұл кеште тәуелсіз елдің ұрпақтары қара өлеңнен де, әннен де шашу шашты.
Кеш барысында сөз алған мектеп директоры Сабыржан Садуақасов мектеп қауымдастығын мерекемен құттықтап, табысты еңбектері үшін алғысын білдірді. Құттықтаулар легін ата-аналар комитенінің өкілі Светлана Ивановна жалғастырды.
Кеш көрермендерге рух беріп, тамаша сезімге бөлеп, мерекелік марапаттарды табыстау рәсімімен аяқталды.
Құрметті оқырмандар, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!