жаңалықтар

Диана Ажигалиева Yale Young Global Scholars 2022 жазғы бағдарламасына қатысуға шақырту алды.

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің  оқушысы Диана Ажигалиева Йель университеті жанындағы Yale Young Global Scholars 2022 жазғы бағдарламасына қатысуға шақыру алды.

Йель университеті (Коннектикут) – «шырмауық лигасына» кіретін ең танымал университеттің бірі.

Зерттеу үшін Диана “Ғылым мен технологиялардағы инновациялар”бағытын таңдады. Сонымен қатар, Бағдарлама оқуға $3450 көлемінде қаражат бөлген.

“Мен YYGS бағдарламасы туралы алғаш рет екі жыл бұрын білдім, бірақ сол уақытта менің өтінімім мен академиялық жетістіктерімді жетілдіру керектігін түсіндім.  Солайша 2021 жылдың күзінде мен эссе жазып, басқа тапсырмаларды орындау арқылы өтінімді толтырдым. Бұл уақытта куратордың, мұғалімдердің және менің достарымның  қолдауы көп көмектесті.  Желтоқсан айында мен шақыру хатын алғанда қуанышымда шек болмады.  Алдағы шілде айында бағдарлама басталады, дей тұрғанмен осындай оқу ордасынан шақырту алу мен үшін үлкен тәжірибе болды десем артық айтқаным емес -,  дейді Диана.

Зияткер оқушыны жетістігімен құттықтаймыз!