жаңалықтар

NIS-тегі қызықты демалыс

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Жазғы мектеп-2022» есігін айқара ашты. Алдағы онкүндікте 7, 8 және 9-сынып оқушылары түрлі элективті курстарға, үйірмелер мен спорт секцияларына барып, жазғы демалыстарын пайдалы әрі қызықты өткізуге мүмкіндік алады.

Жазғы мектеп жобасы биылғы жылы дәстүрлі форматқа көшті. Бағдарлама екі бағытта   ағылшын тілі және LEGO бөлшектерін құрастыру бойынша өтеді.
Сондай-ақ, қатысушылар робототехниканың негіздерін үйреніп, STEAM жобалардың артықшылығын қарастыратын болады. Ал тілдік пәндер бойынша сабақтарға қатысу арқылы жазылым, айтылым, оқылым және тыңдалып дағдыларын игере алады.