жаңалықтар

Дипломдық бағдарлама пәндері презентациясы 

Нұрсұлтан қаласының NIS IB-де 10 – сынып оқушыларына арналған дипломдық бағдарлама пәндерінің презентациясы басталды.

Екі апта бойы тәжірибелі ДП мұғалімдері 12 – сынып оқушыларымен бірге мектеп ұсынатын 19 пәннің әрқайсысы туралы егжей-тегжейлі айтып береді.

Ағымдағы жылдың ерекшелігі мектеп үшін жаңа пән – Бизнес менеджменттің енгізілуі болып табылады.

Дипломдық бағдарламаның болашақ оқушыларына дұрыс таңдау жасауын тілейміз!