жаңалықтар

«Даналық бейсенбі»

«Даналық бейсенбі» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  психолог, ментор, арт-терапевт Елена Кочетовамен   онлайн кездесу өтеді. 

Оқушылар эмоцияны қалай  басқаруға болады, стрессті жеңу әдістерімен және ішкі таланттарды ашуға бағытталған түрлі әдістермен танысты.

Оқушылардың сұрақтарына жауап берген Елена Кочетова мектепте уақытты тиімді пайдалана білу маңыздылығын ерекше атап өтті.