Тәжірибе алмасу вебинары
2021 жылдың 28 қаңтарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының қолдауымен NIS халықаралық бакалавриат мектебінің мұғалімдері астаналық жалпы білім беретін мектептердің педагог қызметкерлеріне тәжірибелік вебинар ұйымдастырды. Вебинар 3 кезеңге және сессиялық топтарға бөлінді. Вебинар сұрақ-жауап түрінде жүргізіліп, заманауи білім берудің басты мәселелеріне тоқталды.
NIS халықаралық бакалавриат мектебінің атынан сарапшы-мұғалім Лаззат Ақшалова, информатика пәні мұғалімдері Ильяс Сарсенбаев, Ерлан Тілеубергенов және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалім-модераторлары Самал Шаяхметова мен Ғалымжан Дабылов өз тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар барысында 300-ге жуық қатысушы оқытудың жаңа тәсілдері жөнінде, тәжірибелік зерттеу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың маңыздылығын тілге тиек етті.