жаңалықтар

Бірғаным Батырбек үздіктер қатарында

Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 В сынып оқушысы Бірғаным Батырбек «Kyev Open 2021» халықаралық спорттық бал билері турнирында жүлделі ІІ-орын иегері атанды.

Халықаралық турнирда әлемнің түкпір-түкпірінен 2 мыңға жуық жас өнерпаздар бақтарын сынаған.

– Менің бал билерімен айналысып жүргеніме 3 жыл болды. Жетекшілерім-Анна Владимировна, Дмитрий Стариков, Фарухжан Мамаджанов және Нариман Тимурович. Маған байқау өте ұнады, әрине, турнир тартысты өтті. Осындай үлкен жарыста үздіктер қатарынан көрінгеніме қуаныштымын!

Бірғанымды жеңісімен құттықтаймыз