жаңалықтар

Бексұлтан Молдағали– шахматтан желілік спартакиада жеңімпазы

NIS оқушылары арасындағы шахматтан өткен желілік спартакиада өз мәресіне жетті. Тартысты ойын нәтижесінде астаналық халықаралық  бакалавриат мектебінің 9-сынып оқушысы Бексұлтан Молдағали бірінші орын иегері атанды.

– Шахматты 10 жасымнан бері ойнаймын.  Бұл спорт түрін таңдауымның басты себебі ойын барысында қызықты стратегиялар мен жоспарлардың болуы. Шахмат арқылы адам өз ісін жоспарлап, болжам жасауды үйренеді, – дейді жас зияткер.

Алматы қаласындағы шахмат федерациясының өкілі Әділ Тоқтамысов басқарған төрешілер алқасы қатысушылардың логикалық және креативті ойлауын, талдамалық қабілеттерін және сәйкесінше спартакиаданың жоғары деңгейін атап өтті.