жаңалықтар
Балаларға қуаныш сыйлады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсанында ұйымдастырылған “30 қайырымды іс” акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9В сынып оқушылары мен ата-аналар комитеті «Мамандандырылған балалар үйінің» тәрбиеленушілерімен кездесті.
Оқушылар балалар үйіне ақшалай көмек көрсетті.
Өз кезегінде орталық өкілдері көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдіруде.