жаңалықтар

NIS Халықаралық Бакалавриат мектебінің ұстазы әлемдік байқауда топ жарды

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің дизайн және өнер кафедрасының мұғалімі Төлегенова Айгүл Зулхарнаевна әлемдік «Golden time talant» өнер байқауында жүлделі 1-ші орынды иеленді. 

Golden time talant халықаралық өнер байқауы – бұл бейнелеу өнері бойынша ғана емес, сонымен қатар би, ән, интерьер өнері, сәндік өнер және т.б. өнердің салалары бойынша таланттарды іздейтін өте танымал платформа.

Айгүл Төлегенова зияткерлік мектепте 10 жылға жуық ұстаздық еткен, білікті маман.

Педагогтың айтуынша, тез өзгеретін әлемде жан-жақты болу маңызды. 

«Бейнелеу өнерінің мұғалімі ретінде әрдайым кәсіби салада дамуға тырысамын. Байқауға қатысуымның басты себебі де осы».

 Golden Time – бұл 17 елден және 3 мыңнан астам өнер қайраткерлері қатысқан ауқымды байқау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау бейбітшілік туы астында арт-мәдениетті насихаттауға және халықтар арасындағы өзара түсіністікке бағытталған.  

«Ұстаздан шәкірт озар»,- демекші алдағы уақытта талантты педагог оқушыларды халықаралық деңгейдегі байқауға қатысуға баулымақшы.