жаңалықтар

NIS оқушылары – Ахмет Байтұрсыновтың зияткер ұрпағы

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында 7-сыныптар арасында топтық- team building өтті.

Шара барысында қатысушылар түрлі кедергілерден өтіп, көрнекті тұлғаның  өмірбаянындағы қызықты деректермен танысып, оның өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтерді жинақтады.

Жобаны ұйымдастырушылар мектеп психологтары мен Тіл және әдебиет кафедрасы.  Педагогтердің айтуынша таза ауада өткен team building балалардың ойлау қабілетін жақсартып, денсаулығына да оң әсер етеді.