“Тәтті бауырсақ және Наурыз көже” байқауы
Мектебіміздің мерекелеу жоспарына сәйкес Көрісу күніне орай “Тәтті бауырсақ және Наурыз көже” сайысы өтті.
Ұлттық тағамдар байқауының бүгінгі күнге тұспа-тұс келгені бекер емес.
Наурыз мейрамының басы – Көрісу мерекесі. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.
Байқауға кафедралармен қоса мектебіміздің ата-аналар комитеті де қатысты. Солайша, 9 команда бақ сынады. Мектебіміздің бірінші қабатында ақ дастархан жайылып, мектеп қауымдастығы дәм тәтті.
Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде өткізілген “Тәтті бауырсақ және Наурыз көже” сайысына белсене қатысып, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға үлес қосқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Әділ-қазылар алқасы шешіміне және дауыс берудің нәтижесіне сай кафедра мұғалімдерін құттықтаймыз:
Гран При – Гуманитарлық пәндер кафедрасы.
І орын – Ата-аналар комитеті және Кураторлар кафедрасы.
ІІ орын – Тіл және әдебиет кафедрасы.
ІІІ орын – Тілдерді меңгерту кафедрасы.