Қоржында ҮШ алтын: Аяжан Темірболат, Екатерина Ким және Арман Рысмаханов республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы атанды
NIS халықаралық бакалавриат мектебінің құрама командасы Республикалық ғылыми жобалар конкурсында Зияткерлік мектептің абыройын тағы бір мәрте көтерді.
Шымкент қаласында өтіп жатқан байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары жиналып, өз жобаларын таныстырды. Байқау төрт бағыт бойынша өткізілуде: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашағы бар саяхат бағдарлары».
Жеңімпаздардан тұратын құрама команда жыл сайынғы ISEF-2022 (АҚШ) оқушыларының халықаралық ғылыми жобалар конкурсына өз жұмыстарын ұсынатын болады.
Оқушыларымызды жеңісімен құттықтаймыз🎉
Сенің тарихын осы жерден басталады 🌱