жаңалықтар

NIS Халықаралық Бакалавриат мектебінің оқушылары World’s Scholar Cup турнирінде алтын медаль алды

World ‘ s Scholar Cup – бұл халықаралық академиялық бағдарлама, оған жыл сайын 65-тен астам елден 15 000-нан астам студент қатысады. Бағдарламаны 2006 жылы Даниэль Бердичевский құрған. Сайыс төрт бөлімнен тұрады: Scholar Challenge, Collaborative Writing, team Debate және Scholar ‘ s Bowl.

Мектеп намысын Айдын Сартаева, Дария Әлімжанова және Жанель Қуатбекова қорғады.  

400 қатысушы тұратын  140 команда арасынан қатысқан қыздарымыз командалық есепте алтын медаль жеңіп алды.

Жарайсыңдар!