жаңалықтар

«Азаттық – балалар көзімен» көркемсурет байқауының жеңімпазы атанды

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 7 Д сынып оқушысы Айару Бектемір халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен өткен Республикалық «Азаттық балалар көзімен” атты өнер байқауында ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Республикалық конкурстың ұйымдастырушылары “Мың бала” интеллектуалды білім сайты.

Жас көркемсуретшілер байқауы жас өркеннің патриоттық сезімін ояту, туған жерге деген махаббатын арттыру, балалардың қабілетін дамытып, талабын шыңдау, азаттықтың, еркіндіктің қасиетін насихаттау бағытында қолға алынған.

Жас өнерпаздың жетекшісі Ділдабек Ералыұлының айтуынша:  Айарудың ойлау қабілеті мен суретке деген қызығушылығы өте жоғары. Сондай-ақ, қол өнер бойынша мектепшілік жарыстардан да жақсы нәтиже көрсетіп жүр.