Директордың алғы сөзі

Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебіне қош келдіңіздер!

  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы Халықаралық Бакалавриаттың Негізгі мектеп бағдарламасын (MYP) және дипломдық бағдарламасын (DP) іске асыратын Халықаралық Бакалавриаттың Дүниежүзілік мектебі мәртебесіне ие. Халықаралық Бакалавриат мектептері сапалы халықаралық білім беретін жалпы философиямен бөліседі. Бұл бағдарламалар бүкіл әлемдегі студенттерді белсенді және жанашыр болуға, өмір бойы оқуға, басқа адамдардың құқықтары мен көзқарастарын түсінуге және құрметтеуге шақырады.

  Мектеп Қазақстанда Халықаралық бакалавриат бағдарламасын енгізуде көшбасшы орынға ие. Мектепте оқушыларға терең, берік білім бере алатын тату, жоғары білікті педагогикалық ұжым жұмыс істейді.

  Біздің мектеп жоғары академиялық нәтижелерге қол жеткізуге және оқушылардың үйлесімді дамуына ықпал етеді.

  Біз Сіздерді және сіздің балаларыңызды мектеп қабырғасында күтеміз!

 

Ахмадиева Құралай Тлеубердіқызы

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры