Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары

Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 Қаулысы

(2021.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 532 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 532 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

  1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері бекітілсін.
  2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

ҚР Үкіметінің 2013.24.05. № 515 Қаулысымен ережесі мен мөлшері жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 14 наурыздағы

№ 317 қаулысымен

Бекітілген

ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау

қағидалары мен мөлшерлері

 

1.Жалпы ережелер

ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Осы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 450 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі – грант) – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

3) грант тағайындау жөніндегі республикалық комиссия – өз қызметін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыратын, грант тағайындау үшін уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – комиссия);

4) жұмыс органы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы;

5) мектептер – жұмыс органының білім беру қызметін жүзеге асыратын филиалдары.

  1. Грант тағайындау тәртібі
  2. Грантты конкурстық негізде комиссия тағайындайды.
  3. Комиссия уәкілетті орган, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінен, орта білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі комиссия төрағасы болып табылады.
  4. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы, бірақ кемінде жеті адам болуы тиіс. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.23.07. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

  1. Орта білім беру ұйымдарында білім алатын, мектептердің 7-9 және 11-сыныптарында оқуға үміткер және жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттар берген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – үміткерлер) конкурсқа қатысуға жіберіледі.
  2. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ конкурсты өткізу мерзімін жұмыс органы айқындайды және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 450 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Конкурс жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлерге арналған конкурс екі кешенді тестілеуден тұрады:

1) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест;

2) тілдік тест.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест екі бөлімнен тұрады:

1) «Математика»;

2) «Сандық сипаттамалар» (сандарды пайдалану дағдылары мен олардың арасындағы өзара байланысты көре білу қабілетін анықтау).

Тілдік тест қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндері бойынша тест тапсырмаларынан тұрады.

ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 450 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. 7-сыныптарда оқуға үміткерлер үшін өткізілген кешенді тестілеу қорытындылары бойынша «Математика» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлердің материалдары комиссияның қарауына енгізіледі.

ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 450 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттардың шегінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілетін бағалау бойынша тестілеуден және тілдік тестілеуден барынша жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілетін бағалау бойынша тестілеудің және тілдік тестілеудің жалпы балдарының саны тең болған жағдайда «Математика» бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің «Математика» бөлімі бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің «Математика» және «Сандық сипаттамалар» бөлімдері бойынша балдарының саны тең болған жағдайда конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде оқу үшін таңдаған тілден неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі.

ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміттенетін білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған конкурс екі кезеңнен тұрады және жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі.

Бірінші кезеңде мектептің бағытына сәйкес келетін бейіндік пәндер, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша кешенді тестілеу өткізіледі. Кешенді тестілеу екінші кезеңге іріктеу болып табылады. Сұрақтардың жалпы санының қырық және одан да көп пайызына дұрыс жауап берген үміткерлер екінші кезеңге жіберіледі.

Екінші кезеңде мектептің бағытына сәйкес келетін бейіндік пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі.

  1. Конкурстың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын жинаған үміткерлердің материалдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен комиссияның қарауына енгізіледі.

ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттар шегінде екінші кезең нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.

Екінші кезең қорытындылары бойынша балдар саны тең болған жағдайда, грант соңғы оқу жылындағы үлгерім тәбілінің орташа балы жоғары үміткерлерге тағайындалады.

Егер үміткерлердің соңғы оку жылындағы оқу үлгерім тәбілінің жоғары орташа балы тең болса, бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша балы неғұрлым жоғары үміткерлерге басымдық беріледі.

  1. Грант отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің дауыс санының кемінде төрттен үш даусын жинаған үміткерге беріледі. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
  2. Конкурстың қорытындылары комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.

ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 450 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. «Математика» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орынның болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 7-сыныпта оқуға үміткерлер мектептер бөлінісінде резервтік тізімдерге енгізіледі.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орындардың болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 8, 9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлер мектептер бөлінісінде резервтік тізімдерге енгізіледі.

Үміткерлердің резервтік тізімі әр мектеп бойынша жеке қалыптастырылады және оқу жылы ішінде бос орын болған жағдайда оларды оқуға шақыру мақсатында комиссия бекітеді.

ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 450 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Оқу жылы ішінде жарамды резервтік тізімдерге алынған үміткерлерге қосымша конкурстан өтусіз грант тағайындалады. Бір мектептің резервтік тізіміндегі үміткер бос орын болған және ол мектепте резервтік тізім болмаған жағдайда басқа мектепте оқуға үміттене алады.

7-сыныпта оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде грант үміткерлерге осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.

8-9 және 11-сыныптарда оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде екінші кезеңнің қорытындысы бойынша балл саны тең болған жағдайда үміткерлерге грант осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.

Резервтік тізімдегі үміткерлерге грант тағайындау туралы шешім комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.

ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 503 Қаулысымен (2016 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.23.07. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ жаңа редакцияда

  1. Мектептің білім алушысы жұмыс органының жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шығарылған жағдайда гранттан айырылады.

ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 450 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Босаған гранттар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен тағайындалады.

Ескертпе: ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 450 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

  1. Гранттың мөлшері

 

  1. Грантты қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.31.08. № 503 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.31.03. № 151 Қаулысымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.23.02. № 77 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.14.04. № 203 Қаулысымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.15.04. № 246 Қаулысымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-тармақ жаңа редакцияда

  1. Гранттың мөлшерлері:

1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 2140733 (екi миллион жүз қырық мың жетi жүз отыз үш) теңгені;

2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 3038333 (үш миллион отыз сегіз мың үш жүз отыз үш) теңгені құрайды.

Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.