Жаңалықтар

NІS оқушысы Республикалық шығармашылық байқауда үздік атанды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 Е сынып оқушысы Ахмет Узбен Республикалық шығармашылық байқауда І орынға ие болды.

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Мың бала» интеллектуалды білім сайты оқушылар арасында Республикалық шығармашылық байқауын өткізді. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға Ахмет Узбен «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсете білді.
Ахметтің жетекшісі Кушербаева Гүлнафис Пошановна Республикалық мәнерлеп оқу сайысына өз оқушыларын белсенді қатыстырып, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін Дипломмен марапатталды.
 
Мектеп қауымдастығы атынан Ахметті жеткен жетістігімен құттықтаймыз! Жетекшісі Гүлнафис Кушербаеваның асуларды бағындырған жеңімпаз оқушылары көбейе беруіне тілектеспіз!