Жаңалықтар

Axмeт ayылы мeктебінің ұстаздары мен оқушылары үшін вебинар өткізілді

2021 жылы 27 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қарағанды облысы Ахмет ауылы мектебіне вебинар өткізді.

Зияткерлік мектептің эко-клуб мүшелері өткізген вебинарға Қарағанды облысы Ахмет ауылы С.Сейфуллин атындағы мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Осы кездесуде жоспарланған бағдарлама бойынша мектептегі экология саласы, білім ордасында экологиялық үйірме ашу сынды тақырыптарда сөз қозғалды.

Аталған вебинар «Әлем мұғалімі 2021» жаһандық сыйлығының Амбассадоры, NIS IB химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаеваның бастамасымен қолға алған «Ахмет ауылы мектебін қолдау» жобасы аясында өткізілді.

Вебинар қатысушылары онлайн алаңда пікір алмасып, кездесу ұйымдастырушыларына оң бағасы мен алғыстарын білдірді.