Жаңалықтар

Оқушыларымыз Аида мен Ахмет «Дарын» білім орталығы ұйымдастырған шығармашылық байқаудың жүлдегерлері атанды

NIS IB оқушылары «Дарын» интеллектуалды білім орталығы ұйымдастырған шығармашылық байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Шығармашылық байқау мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының және ЖОО білім алушылары арасындағы дарынды жастарды анықтау мақсатында қашықтықтан ұйымдастырылды. Байқауда «Шығарма/эссе» бағыты, «Ана тілім – айбыным» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Аида Динмухаммед және ІІІ дәрежелі дипломмен Ахмет Үзбен марапатталды. Оқушылардың жетекшісі Кушербаева Гүлнафис Пошановнаға шығармашылық байқауға шәкірттерін жоғары деңгейде дайындап, келер ұрпаққа үздік тәрбие беруге атсалысқаны үшін Алғыс хат табысталды.

Мектеп ұжымы атынан оқушыларды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жетекші Гүлнафис Кушербаеваға қызметте табыс пен сәттілік тілейміз!