Оқушылардың өзін-өзі басқару

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУЫ-оқушылардың бастамасына, дербестігіне, шығармашылығына, өз өмірін жетілдіруге, жауапкершілік сезіміне, өзара көмекке және оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттеріне негізделген мектеп ұжымының өмірін басқару.

Қызметі

Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару қызметі:

– оқушылардың тиісті білім және мәдени деңгейге жетуі;

– оқушыларды қоғам өміріне бейімдеу;

– оқушыларды азаматтыққа, патриотизмге, еңбексүйгіштікке, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Мақсаты

Оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын құру және олардың қызметінің мақсаттары:

– Мектептегі білім беру процесін демократияландыру;

– Мектеп дәстүрлерін қолдау және нығайту;

– Оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту;

– Оқушылардың өз қызығушылықтарын, қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

– Әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамыту;

– Оқушылардың мүдделерін ескере отырып, бірлескен мәселелерді шешу.

Міндеттері

Негізгі міндеттері:

– Бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруда мектептегі өзін-өзі басқару мүшелерінің қызметін үйлестіру;

– Оқушылардың қоғамдық-құндылық бастамаларын ынталандыру және қолдау;

– Оқушылар қоғамының назарын оқушылардың проблемаларына аудару;

– Мектеп әкімшілігімен, мектептің педагогикалық құрамымен, әртүрлі жастар ұйымдарымен оқушылардың мүддесі үшін шешімдер әзірлеуде өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

– Мектеп оқушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Әрбір ниет білдірген оқушы өтінім бере отырып, оқушылардың өзін-өзі басқаруына кіре алады

Жүктеп алу

Student Council of NIS IB