Жаңалықтар

“Sen bilesin be?” – Халықаралық Бакалавриат

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша білім береді және басқа NIS мектептеріндегідей физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттары жоқ.
 
Халықаралық Бакалавриат (International Baccalaureate) – халықаралық үкіметтік емес білім беру ұйымы. 50 жылдан астам уақыт бойы әлемдік деңгейдегі оқытушылар мен үйлестірушілердің жаһандық қауымдастығы 159 елдегі 5500-ден астам мектепте 1,95 миллионнан астам оқушымен өзара әрекеттесіп келеді.
 
 Халықаралық Бакалавриат аясында үш білім беру бағдарламасы бар:
бастауыш мектеп үшін – 3-12 жастағы балаларға арналған The Primary Years Programme (PYP);
негізгі мектеп үшін – 11-16 жас аралығындағы балаларға арналған The Middle Years Programme (MYP);
жоғары мектеп үшін – 16-19 жас аралығындағы балаларға арналған The Diploma Programme (DP).
 
 7-10 сынып оқушылары мектепте барлық пәндерді оқиды. Оқушылар 11-сыныпқа келгенде, олар болашақ мамандықтары негізінде 6 пәнді таңдайды: оның ішінде 3 пән жоғары деңгейде және 3 пән стандартты деңгейде оқытылады. Оның ішінде 3 пәннің 2 пәні балалар түскісі келетін мамандыққа негізделуі тиіс. 12-сыныпты аяқтағаннан кейін оқушы Халықаралық Бакалавриат дипломын алады, ол оған әлемнің кез-келген университетіне қосымша емтихандарсыз түсу құқығын береді.