Жаңалықтар

“Sen bilesin be?” – НЗМ Халықаралық Бакалавриат

Нұр-Cұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламаларын пайдалана отырып, дарынды оқушыларға білім беру мүмкіндіктерін ұсынатын және зияткерлік қоғамдастықты, мәдениетаралық түсіністік пен оқуды өмір бойы бағалай білуді дамыту миссиясы cаналатын халықаралық мектеп болып табылады.
 
Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS 2016 жылдың маусым айында Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) аккредиттеу туралы куәлігін алды. Оның негізгі міндеті мектеп қызметін халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес сырттай бағалау болып табылады.
 
NIS IB – Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің IB бағдарламасы бойынша білім беретін жалғыз мектебі. 2013 жылдың қыркүйегінде мектеп 16-18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушыларын әлемнің жетекші университеттеріне түсуге даярлаудың әмбебап курсы болып табылатын Дипломдық Бағдарлама шеңберінде оқуды бастады.
 
NIS IB 2015 жылдың қараша айында 7-10 сынып аралығында 12-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған негізгі мектеп бағдарламасы бойынша Халықаралық Бакалавриат авторизациясын алды. Негізгі мектеп бағдарламасы оқушыларды табиғаттағы және әлеуметтік кеңістіктегі рөлі туралы білуге бағыттау үшін жасалған.