Жаңалықтар

Мәнерлеп оқу сайысы

Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS-тің 7-9 сынып оқушыларының поэзия оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мәнерлеп оқу сайысы бастау алды. Аталмыш байқау оқушылардың Драма пәні бойынша Дауыс юниті, Ағылшын тілі пәні бойынша Поэзия юниті мен Поэзияға кіріспе юниттері аясында үйренген дағдыларды көрсетуге және оқушылардың поэзия арқылы өзіндік шығармашылығымен таныстыруға арналған алаң болмақ.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан байқауда «Тәуелсіздік», «Отан ана», «Табиғат», «Тұлға», «Достық», «Жанұя», «Даму», «Арман» және «Құндылықтар» тақырыптарында жұмыстар қабылданады.
 
Байқау талаптары:
– Сайысқа тіркелу үшін Google Forms толтырыңыз: https://docs.google.com/…/1FAIpQLSeb0gwCLvZ…/viewform…
– Ағылшын және корей тілдерінде өзіңіздің туындыңызды немесе басқа авторлардың түпнұсқа өлеңдерін мәнерлеп оқып, бейнетаспа күйінде келесі сілтемеге жіберу керек: https://drive.google.com/…/1wyZI60…
– Өлеңді орындамас бұрын міндетті түрде өлеңнің авторын және тақырыбын көрсетіңіз;
– Өлеңді орындау кезінде парақтан немесе басқа ақпарат көздерінен оқымаңыз;
– Байқауға қатысуға ұсынылған өлеңдердің идеялық композициясы жағымды хабарлама / тәрбиелік мәні / мотивация болуы керек. Туындыда дөрекі сөздердің болуына тыйым салынады;
– Өлеңді корей тілінде орындаған жағдайда бейнеде ағылшын тіліндегі субтитрлерді қолданыңыз.
 
Байқау нәтижесі 4 мамырда жарияланады. Жеңімпаз атанған оқушылардың видеолары мектептің әлеуметтік желілері мен сайтқа жүктеледі