Жәнел Мамырбек – олимпиада жүлдегері
Конкурстың мақсаты – оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттыру және дамыту. Сондай-ақ ғылыми-техникалық саладағы ең дарынды оқушыларды анықтау және оларды одан әрі қолдау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан Республикаларынан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 112 жобамен 150 оқушы қатысқан.
Конкурс қатысушылары 4 секция бойынша: «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» жобаларын қорғады.
Жәнел «Қолданбалы математика» секциясы бойынша өнер көрсетіп, үздік атанды. Жас зияткер болашақ мамандығың математика саласымен байланыстырғысы келетінін айтты. Жетекшісі информатика пәні мұғалімі Алма Аманжолова.