жаңалықтар

28 ақпан Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен жеке жоба конференциясында 10-сынып оқушылары өздерінің еңбекқорлығы мен талантын көрсететін қызықты және бірегей жобаларын ұсынды

Іс-шара 7-9 сыныптардың шығармашылығын шабыттандыруға және ынталандыруға арналған жобалық көріністермен, шеберлік демонстрацияларымен және тәжірибе алмасумен қаныққан.

Үмбетәлі Нұрсая – Нарықтардағы (Маркетплейстердегі) халықаралық онлайн сауда;

Өсер Асхат – Hearts of iron 4 ойыны бойынша Қазақстан тарихы туралы мод;

Мұратбек Бекарыс- Қытай тілінде қазақ елінің тарихын таныстыру туралы қысқа бейнероликтер;

Шамғали Марғұлан-Қоғамда балалар құқығын қорғау мәдениетін қалыптастыру туралы бейнебаян жасау;

Абдрахманова Аяулым- Киімдер мен аксессуарларды бояу және өз брендін жасау;

Орынбай Алишер – Өсімдіктердің ауруларын нақты уақыт режимінде табу үшін компьютерлік анықтау моделін әзірлеу.

Сонымен қатар, осы іс-шарада Ерғали Алия сөзі мен әуенін жазып, өз әнін орындады. Ал Мелекша Султан қазақша стильде әуен жазып, оны саксафонда ойнап, өз өнерін көрсетті.

Осындай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық ойлауы мен кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар білім беру ортасында идеялармен алмасуға қолайлы алаң жасайды.