NIS ұстаздары авторлық құқыққа ие болды
Жоба авторларының айтуынша, үстел ойынының басты мақсаты ойыншылардың Қазақстан тарихын оқуға және зерттеуге қызығушылығын арттыру. Үстел ойыны тарихтың әр қатпарын және тарихи тұлғалардың тағылымды жолдарын қамтиды.
Аталмыш ойын мектеп оқушылары арасында сұранысқа ие.
– Бұл ойын жылдам ойлауға және адам ойын тез жинақтауға көп көмектеседі және шетелдік ойындарға қарағанда бізге әлде қайда жақын, – дейді оқушылар.