жаңалықтар

Алғашқы қоңырау: Тарих қаланатын орта

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде жаңа оқу жылы басталды.

Жиынның алғы сөзін мектеп директоры Сабыржан Садуақасов бастап, оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы оқу жылының сәтті өтуіне тілекші екенін жеткізді.

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша мектепті 129 түлек бітіріп,  қорытынды емтихан нәтижелеріне сәйкес Халықаралық Бакалавриат түлектерінің тоқсан алты пайызы IB дипломын алып, мектеп тарихында ең жоғары нәтиже қол жеткізді.

– NIS халықаралық бакалавриат мектебінің түлегі Арман Рысмаханов мүмкін болған 45 балдан 45 балл жинағанын мақтанышпен айтамыз. Әлем бойынша мұндай баллды түлектердің тек 0,7% алады.

Еліміздегі айтулы даталарға арналған жиын оқу жылының ерекшелігін айқындайды.  IOL-2022 халықаралық олимпиадасының қола медаль иегері Аида Давлетова мектеп қауымдастығын мерекемен құттықтады.

Білім берудегі еңбектері үшін математика пәні мұғалімі Әділет Есбаев және педагог-ұйымдастырушы-куратор Гүлден Қасымова марапатталды.

Мектеп бітіруші түлектер жас зияткерлерді қошеметпен мектеп қабырғасына шығарып салды.