Қазақстанның төрт қаласында футзалдан ІІІ желілік спартакиада басталды
Бүгін Алматы, Көкшетау, Тараз және Ақтөбе қалаларындағы NIS-те Зияткерлік мектеп оқушылары арасында футзалдан аймақтық кезең басталды. Спартакиадаға 344 зияткерлер қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша І, ІІ орын алған командалар мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін финалдық ойынға жолдама алады.
⠀
Дәстүрлі Спартакиада биыл үшінші рет өткізіліп отыр. Спартакиаданың ашылу салтанатында спортшылар шеру жасап, мемлекеттік әнұранды орындады.
⠀
Алматыдағы NIS қабырғасында Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директоры Аида Ағаділ құттықтау сөз сөйледі.
– Спартакиада – табандылыққа, командалық рух пен салауатты бәсекеге тәрбиелейтін кең ауқымды дәстүрлі шара. Бүгін барлық қатысушыларға әдемі ойын, әділ төрешілік және мықтылардың жеңісін тілеймін, – деді Аида Ағаділ.
Таразда Шымкент, Қызылорда және Түркістан қалаларының Зияткерлік мектептерінің оқушыларынан тұратын командалар шеңберлік тәртіпте бақ сынады.