NIS халықаралық бакалавриат мектебі оқушылар дебат турнирінде жүлделі атанды
![2304](https://nisa.edu.kz/wp-content/uploads/2022/04/2304.jpg)
Қазақстан Республикасының Бірінші Президент атындағы «Елбасы» Кітапханасы 2022 жылдың 9-10 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласының барлық орта мектептері арасында қалалық дебат турнирін өткізді.
Мектебіміздің 10С сынып оқушылары – Нұрсая Жүніс және Елназ Оразхан «NISN» дебат клубы атынан орыс лигасының спикерлері ретінде қатысып, финалға өтті. Салтанатты марапаттау рәсімінде жас дебатшылар нәтижелі 2- орын алса, Елназ Оразхан Үздік спикер атанды.
Турнирде финалға өтіп, жүлделі орын алған оқушыларымызды құттықтаймыз!